45 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

«Көктем» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде пайдалануға берілген 9 қабатты 45 пәтерлік тұрғын үйден пәтер алғандардың жүзі бал-бұл жанады. Әсіресе, балалардың көңілі шат. Бүгін баспаналы болғандардың басым бөлігі бірнеше жылдан бері жалдамалы үйлерде тұрып келген. Енді міне, жаңа пәтерге қолы жетіп, қоныс тойын тойлауда.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен қала әкімі Ермек Маржықпаев оларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, табыс тіледі. Облыс және қала басшылары баспаналы болған отбастарының бірінің пәтеріне кіріп көріп, жаңа үйде жақсылықтар көп болсын деген тілегін жеткізді. Жаңа тоғыз қабатты үй бір подьезді. Әр қабатында 5 пәтерден орналасқан. Бір бөлмелі – 18, екі бөлмелі – 10, үш бөлмелі – 17 пәтер бар. Бір шаршы метрінің құны – 118 мың теңге. Биыл Көкшетау қаласы бойынша 30 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді. Бұл дегеніміз 1323 пәтер өз иесін тапты деген сөз. Мереке күндері жас отбасы, әлеуметтік аз қамтылған жандар және «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкіне қаржы салған жалпы 300 адам пәтердің кілтіне ие болды. «Көктем» мөлтек ауданында пайдалануға берілген 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын «Строй Tex IC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген, жалпы сомасы 219,323 миллион теңгені құрайды.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий