500 тоннаға жуық өнім саудаланды

Өткен демалыс күндері елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешені жанындағы алаңда ақмолалық тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Ақмола облысының 200-ден астам тауар өндірушісі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам азық-түлік түрін әкелді. 400 млн теңгеден астам сомаға 500 тоннадан астам азық-түлік өнімі жеткізілді. Бағалар алдын ала келісілген және нарықтық бағадан 10-15%, тіпті 20%-ға арзан болды. 130 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, 50 тоннадан астам сүт өнімдері, 8 тонна жаңа ауланған балық, 14 тонна ұн, 150 тоннадан астам картоп, 3 тоннадан астам кондитерлік өнімдер саудаға шығарылды. Облыс өнімдерін өткізушілерге санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талаптар қойылды. Сонымен қатар, жәрмеңкенің барлық қатысушылары «Ashyq» арқылы тексерілді.

Ярмарка1

Әдеттегідей Ақмола облысы тек азық-түлік әкеліп қана қоймай, әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Жәрмеңке қонақтарын қазақтың ұлттық киіміндегі қуыршақтары бар инсталляция қарсы алды.

Бағаларға келетін болсақ, жылқы етінің бір келісі 2200 теңгеден, сиыр еті – 2000 теңгеден, қой еті – 1900 теңгеден, үйрек – 2500 теңгеден, шұжық – 1400 теңгеден, картоптың бір келісі – 140 теңгеден саудаланды. Келушілерге, сондай-ақ литрі 1000 теңгеден үй тосабы ұсынылды.

«Көкше-ақпарат»

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий