53 жолаушы құтқарылды

Ақмола облысында сарышұнақ аязда жолда қалған 53 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. ТЖД бас маманы Думан Дәлешовтың айтуынша, күн суытуы салдарынан желтоқсанның 24-25 күні түнгі уақытта Бурабай ауданы аумағында істен шыққан «Петропавл-Сарыағаш» бағытындағы автобустың жолаушылары хабарласып, көмек сұраған. «Автобуста 53 жолаушы болды. Оның басым көпшілігі – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Жолаушылардың барлығы Кенесары ауылындағы Сәтбаев атындағы мектепке орналастырылып, жатын орын және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ», – деді ТЖД бас маманы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий