65 сынып оқушысы қашықтан оқиды

Өңір педагогтары арасында оқу жылының басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырудың 142 жағдайы тіркелді. Тек бір тәулік ішінде ауру алты мұғалім мен 14 оқушыдан анықталды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті. Оның айтуынша, COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі қалпында қалып отыр. Сонымен, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, облыс қазіргі уақытта тағы да «қызыл» аймақта. Білім беру ұйымдарында оқытудың дәстүрлі форматы қайта басталған кезде оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды тіркеу жалғаса береді. Оқу жылының басынан бері орта білім беру ұйымдарында 584 жағдай тіркелген, оның ішінде 173 жағдай оқу процесінің басталуына байланысты емес. «Өткен тәулікте 14 оқушы коронавирус жұқтырды. Коронавирус инфекциясының 48 оқу орнында тіркелуіне байланысты 65 сынып қашықтан оқытуға ауыстырылды. Педагогтар арасында оқу жылының басынан бері 142 КВИ жұқтыру жағдайы тіркелді, тек бір тәулік ішінде 6 жағдай тіркелді. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында 480 жағдай, тәулігіне 1 жағдай тіркелді», – деп түйіндеді өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Сонымен қатар, 2021-2022 оқу жылының басынан бастап орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында 84 жағдай тіркелді, оның ішінде 62-сі оффлайн және 22-сі онлайн оқыды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий