700-ге жуық өкпе желдеткішін әзірлеуге дайын

Көкшетау қаласындағы «Тыныс» акционерлік қоғамы 700-ге жуық өкпені жасанды желдету аппаратын әзірлеуге дайын. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев айтып берді. «Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша, бұл кәсіпорын 700-ге жуық өкпені жасанды желдету аппаратын жасауға ниетті. Қажет болса, осы жұмысты күшейтуге дайынбыз», – деді Қ.Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Бұған дейін ведомство өкілі Қазақстанда күн сайын 1 млн маска, 85 мың литр дезинфекциялық құрал шығарылатынын хабарлаған еді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий