«Үздік волонтер 2020» қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

 Көкшетау қаласы Ішкі саясат бөлімінің  «Көкшетау қаласында экскурсиялық қызметке және гид дайындауға бағытталған волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

 2.Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:  Өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, ерік­тілер қозғалысын насихаттау, жастардың белсенділігін арттыру, көшбасшылық қасиетті дамыту және талантты жастарды анықтап, марапаттау арқылы ынталандыру болып табылады.

 

Міндеті:

  • Еріктілердің көшбасшылық, кәсіби деңгейін көтеру;
  • еріктілер қозғалысын дамыту;
  • еріктілердің шығармашылық бастамаларын дамыту;
  • қатысушылар арасында тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынасты күшейту;
  • дарынды еріктілерді анықтап, қолдау көрсету;

 

  1. Байқаудың өткізілу күні және орны

Байқаудың қорытындысы халықаралық еріктілер күніне орай жарияланады.

 

  1. Өткізу тәртібі мен шарттары

Байқау үш кезеңде өткізіледі:

1-ші кезең– осы ережеге сәйкес конкурсқа әлеуетті қатысушылардан өтінімдер мен презентацияларды жинау 2020 жылғы 9 қарашадан  23 қарашаға дейінгі мерзімде жүргізіледі;

2-ші кезең – өтінімдерді іріктеу 2020 жылдың 24 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында жүргізіледі;

3-ші кезең – Халықаралық еріктілер күніне орай қорытынды шығару және байқау жеңімпаздарын марапаттау.

 

Байқауға  төмендегідей талаптар қойылады:

—  Таныстыру (1-ші презентация), (1  бет);

— Қатысқан және өткізілген іс-шаралар жөнінде презентация (1-3ші бет);

— Көкшетау қаласында еріктілер корпусын дамыту бойынша ұсыныстарды жасау (1-2 бет);

Байқауға өтінім және презентацияны бірге жолдау қажет. Презентация саны  6 беттен аспауы қажет. Жас ерекшелігі шектелмеген.

 

  1. Қатысушылар

Байқауға Көкшетау қаласының әрбір волонтері қатыса алады. Ұйымдастыру комитетіне қоса берілген  формада өтінім берген ерікті қалалық сайыстың қатысушысы болады және қатысушының міндеттерін өз жауапкершілігіне алады. Байқаудың негізгі қатысушыларының жасы шектелмеген.

 

  1. Қатысушыларға қойылатын шарттар

— ҚР Заңын, оның ішінде ҚР Президенті және оның жанұясы мүшелерінің құқығын сақтау туралы бапты, Тіл туралы Заңды қатаң сақтау;

 

7.Ұйымдастыру алқасы

Ұйымдастыру алқасы байқауға басшылық етеді, өткізу түрін жасайды; жарыстың бағдарламасы мен тақырыбын бекітеді; қазылар алқасын құрады; қаржыландыру,ұйымдастыру мәселелерін шешеді; өткізу күнтізбелік жоспарын бекітеді.

Ұйымдастыру алқасы құқылы:

-Байқаудың өткізу шарттарын өзгертуге;
— бағдарламаға қосымша шаралар қосуға;

— маусымдық шараның өткізу уақытын өзгертуге;

— ереженің бір немесе бірнеше пунктерін бұзған жағдайда, қатысушыны сайыстан шығаруға;
— қатысушы этикет пен тәртіп бұзған жағдайда ұйымдастырушылар қатысушыны сайыстан шығаруға құқылы.

 

  1. Қазылар алқасы

Жарыста қазылар алқасын ұйымдастыру комитеті бекітеді. Олардың құрамы 3-5 адамнан аспайды. Қазылар алқасы құрамына мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, кеңес мүшелері, қоғам, мәдениет қайраткерлері және БАҚ мүшелері кіреді.

 

  1. Қорытынды және марапаттау

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Басты сыйлық «Үздік волонтер  – 2020» кубогы.

 

  1. Байланыс телефондары

Есекеева Мансия Мухтаркызы  – «Ақмола облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Телефон/факс 87162402550

Ұялы телефон: 87715928114, 87785200858

Е-mail: zhasulan.akmolaoblysy@mail.ru

Өтініштерді 2020 жылдың  22 қарашасына дейін zhasulan.akmolaoblysy@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет. Уақытынан кеш келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

ӨТІНІМ

 

 

Аудан (қала) атауы     Қатысушының  аты-жөні Жетекшінің аты – жөні/ Ұйымның атауы Байланыс телефондары
         

 

Басшысының

аты – жөні, мөрі, қолы

 


 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий