85 отбасы баспаналы болды

Жаңа жыл қарса-ңында Көкшетауда 85 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Абылай хан алаңында өткен қуаныш иелеріне жаңа пәтердің кілтін тапсыру рәсіміне аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысты.
Соңғы үш жылдың ішінде облыс бойынша барлығы 131 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Биылғы жылдың басынан бері Көкшетау қаласында ғана 350 пәтер иесін тапты. Бүгін міне, бұған қоса тағы 85 пәтерді беріп отырмыз. Келесі жылдағы айтулы оқиғалардың бірі – Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы болмақ. Бұл шара облысымыздың келешекте одан әрі кемелденіп, дами түсуіне жол ашады», – деді әкім өз құттықтауында.
Салтанатты шарада бірқатар аудандық және қалалық полиция бөлімдеріне су жаңа бес «УАЗ» көлігі, Бурабай ауданындағы «Бурабай мейірім» қоғамдық бірлестігіне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Инватакси» көлігі тапсырылды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий