90 полицей баспаналы болды

Жаңа жыл мерекесі қарасаңында Ақмола облысында 90 полиция қызметкері баспаналы болды. Жаңа пәтердің кілтін тапсыру шарасына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі және аймақтағы коронавирус пандемиясының таралмауына қарсы күреске қосқан елеулі үлесіне тоқталды. Ол бүгінгі таңда тұрғын үйдің қолжетімділігі және азаматтар үшін әлеуметтік жағдай жасау басты мәселе екенін атап өтті. Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин облыс әкімінің қолдауының арқасында ағымдағы жылы полиция департаменті қызметінің тиімділігін арттыруға, ведомствоның материалдық-техникалық жарақтандырылуын, сондай-ақ, жеке құрамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар кешені іске асырылғанын атап өтті. Сонымен бірге, шарада тұрғын үйді мерзіміне сәйкес салып берген «СК Регион Строй» ЖШС басшысы Александр Дворцевойға және өзге азаматтарға алғыс айтылды. Жаңа тұрғын үйден баспаналы болғандардың арасында Ішкі істер органдарында 11 жыл қызмет істеп жүрген тәжірибесі бар учаскелік полиция инспекторы, төрт баланың әкесі Нариман Нұржақсын өзінің қуанышымен бөлісті. «Жаңа пәтер отбасымыз үшін жаңа жылдық үлкен сый болды. Біз үшін бұл көптен күткен қуаныш», – деді ол.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий