900-ден астам отбасы тексерілді

«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» республикалық науқаны аясында ақмолалық полицейлер ювеналды полиция бөлімшелерінде есепте тұрған 900-ден астам отбасын тексеріп шықты.
Қазіргі уақытта облыстық полицияда 1 мыңға жуық жайсыз ата-ана есепте тұр. Науқан аясында тұрғылықты жері бойынша ювеналды полиция бөлімшелерінде есепте тұрған 900-ден астам отбасы тексерілді. Рейд барысында балалар тұратын тұрғын жайларды тексеруге ерекше көңіл бөлінді, жалдамалы пәтерлерде тұратын 157 колледж студентінің, сондай-ақ, полиция органдарының есебінде тұрған 470-тен астам жасөспірімдердің тұрмыстық жағдайы тексерілді. Аз қамтылған отбасыларды аралай жүріп полицейлер ата-аналарды қайырымдылық науқандар, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар туралы хабардар етті, өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау туралы нұсқау беріп, құқықтық мәселелер жайлы әңгіме қозғады.
Науқан барысында ақмола полицейлері облыстың 500-ден астам оқу орындарында құқықтық жалпы оқулар өткізді, оған қатысқан 800 мыңнан астам оқушыға қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік кодекс нормалары түсіндіріліп, жол және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша дәрістер оқылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий