«EL jastar» театры тұсауын кесті

Көкшетауда құрылған алғашқы эксперименталды-лабораториялық театры алғашқы қойылымын «Достар» мәдениет сарайында сахналады. «Армандар кемесі» қойылымы башқұрттың танымал жас жазушысы Айгиз Баймухаметовтың «Тастамашы мені, Ана» повесі негізінде алынған. Қойылымның премьерасына автордың өзі келіп қатысып, жас актерлер мен актрисалардың өнеріне тәнті болды және өзінің шығармасын спектакльдің өзегі етіп алғандарына ризашылығын білдірді. «Армандар кемесі» қойылымында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері ойнады. Балалар үйлеріндегі жетімдердің тағдыры көрерменді бейжай қалдырмады. Жетімектердің басына түскен тауқыметті студенттердің шебер суреттегені сонша, жиналған жұртшылық көзіне келген жастарын ірке алмай, қойылымның соңына дейін жылап отырды. Бұл жас актерлердің шеберлігін көрсетеді, әрі режиссердің сапалы еңбегінің нәтижесі.

DSC_2637«EL jastar» экспери-менталды-лабораториялық театры Жастар жылы аясында және Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Алдаспан-Рух» қоғамдық бірлестігі жанынан ашылған болатын. Жастар театрын ұйымдастыру ісін Көкшетау жұртшылығына есімі белгілі режиссер Фархатбек Қа-нафин мен жас театртанушы, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Кәкім Хасамбай қолға алған. «Бұл бастама Жастар жылына орай қазақ өнеріне, қазақ мәдениетіне қосылған бір үлесіміз. Атымызға затымыз сай болып, қазақ драматургтарының, классиктерінің қойылым-дарын эксперименталды-лабораториялық түрде қоямыз деген жоспарымыз бар. Алдағы уақытта еліміздегі жоғары оқу орындарын бітіретін жас актер, актрисаларды қатарымызға қосып, жылына жоқ дегенде 3-4 премьерадан ұсынатын боламыз», – дейді жаңа театрдың арт-директоры Кәкім Хасамбай.
Бүгінгі қоғамдағы бала-лардың әлеуметтік мәселесі қамтылып, сан түрлі мінез-дер, түрлі тағдырлар мен өмір шындығы сипатталған шығарманың өзегіне автордың өз өмірі негіз болған. Жаста-йынан тағдырынан таяқ жеп, балалар үйінің қатаң тәртібінде өскен бас кейіпкер Ілиястың өмірі қойылымды тамашалауға келген көрерменнің жанарына жас ұялатпай қоймады. Оның үстіне осындай тағдырды басынан кешкен жанның көрерменнің ортасында бол-ғаны қойылымның әсерлене түсуіне септігін тигізді. «Мен ерекше толқынысты бастан кешіп тұрмын. Өйткені, мен қазақ еліндемін және де менің туындымның тұсаукесеріне куә болдым. Бұл қойылым Башқұртстанның театрларында көрерменнің көзайымына айналған. Осы туындым арқылы қазіргі қоғамның жазылмас дертіне айналған балалар үйінің мәселесі жайында көпшілікке ой салғым келді», – дейді қойылымның авторы Айгиз Баймухаметов.
Артылған үміт ақталды, өздері ойнаған кейіпкерлерінің өмірін шынайы жеткізе білген жас өнерпаздар келген көрерменнің қошеметіне ие болды. Алыстан ат шалдырып келген авторға қазақтың қасиетті домбырасы сыйға тартылды. Қойылым соңында тарихи сәтке куә болған Қазақстанның халық әртісі, танымал режиссер Талғат Теменов жастардың қадамына сәттілік тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий