«ForteBank» филиалының жаңа ғимараты ашылды

Көкшетауда «ForteBank» акционерлік қоғамы филиалының жаңа кеңсесі ашылды. Жаңа офистің ашылу салтанатына қатысқан Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин банк ұжымын осынау қуаныштарымен құттықтады.

Қазіргі заманға сай жабдықталған жаңа кеңседе заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметінің барлық түрі көрсетілмек. Осы күні облыста аталмыш банктің 30 мыңға жуық клиенті бар болса, оның 1 мыңы заңды тұлғалар. Мамандар аймақтағы алғашқы кеңсенің ашылуы банк қызметінің сапасын жақсартып, өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік серпін береді деп отыр. «Еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ForteBank» акционерлік қоғамының алар орны ерекше. Сондықтан, ақмолалық кәсіпкерлермен өзара бірлескен жобалар жасауға банк тарапынан оң қадамдар болады деп сенемін. Әсіресе, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиетіні сөзсіз», – деп атап өтті аймақ басшысы. Шара барысында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин және «ForteBank» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов өзара әріптестік туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Қазірдің өзінде аталмыш банк облыста 16 миллиард теңгенің жобаларын қаржыландырды. Сондай-ақ, 7 миллиард теңгеге жеке тұлғаларға несие берілген.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс