«KO`KS`E» телеарнаның жаңа атауы

Жергілікті «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасы енді осылай аталатын болады. Бұл – «Қазақстан» ұлттық телерадиокорпорациясының шешімі. Өзінің кезекті маусымында көрерменіне жаңа 36 бағдарламамен жол тартқан ұжым соған орай шара ұйымдастырды. Оған «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Жүнісова қатысып, көрерменіне таза қазақ тілінде хабар таратып отырған арнаның жаңалықтарымен бөлісті.

20171101_151033Жергілікті арнаның операторы Сабыр Шериязданов үшін бұл да бір жаңа белес. Бұл қызметке балаң жігіт шағында келген ол телевизия саласына саналы ғұмырын арнады десе де болады. Өз ісінің майталман шебері камерасын құшақтап қысы-жазы журналистермен қоян-қолтық жұмыс істейді. Обьективтің сиқырын әбден түйсінген, өзіндік фантазиясы бар, сабырлы да салмақты қалпынан таймайды. Журналистік сезімталдық пен
режиссерлік байқағыштық қасиеттері де бар. «Әр жаңа маусым мен үшін өзіндік ерекшелігімен қызықты. Жыл са-йын арнамыз жастармен толығып жатыр. Олармен жұмыс істей жүріп, өзің де шыңдала түсесің. Жастардың энергиясы, ұмтылысы, білуге деген құштарлығы бізді де жаңа дүниелерді көруге ұмтылдырады», – дейді ол. Өз маусымын «KO`KS`E» атауымен бастаған ұжым биыл «Әлеумет», «1001 история успеха», «Даму діңгектері», «36,6`», «Тіршілік өзегі», «53`ендік – 69` бойлық», «ДАМАфон» әйелдер тележурналы, «Бойтұмар», «Асар» телемарафондары, «Пролог», «Сахна сиқыры», «Октава», «Олимпке жол», 00:00 түнгі жастар хабары сияқты бағдарламалармен қатар, «KO`KS`E АQPARAT», «INDEKS» ақпараттық хабарларын эфирлік 17 сағат ішінде ұсынбақ. Әрі кей хабарлардың атауын
латын әрпімен таңбалап, Елбасының бастамасына үн қосуда. Арнаның қазіргі директоры Әлібек Татанов өздеріне қолдау білдіріп отырған облыс әкіміне, жергілікті басылымдарға алғысын жеткізді. Қазір арнаның ғимаратында халықтық кітапхана, музей ашып жатқан басшы алда әлі де үлкен жоспарлары барын айтты. 80-ге жуық қызметкері бар «KO`KS`E» телерадиокомпаниясы көрерменіне жаңарған форматта жол тартты. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий