«Qabilet» жобасы бастау алады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті дарынды оқушылар және жастарды анықтау, қолдау жөнінде «Ел Үміті» бастамасының жобасын көпшілікке ұсынды. Бұл жоба бастамасының міндеті ауыл жастары үшін әлеуметтік лифтілер жүйесін құру, дарынды оқушыларды қолдау, сонымен қатар ауылдық жерлердегі жас балаларды шығармашылық, білімқұмар және креативті өмір сүруге ұмтылатын еліміздің белсенді азаматтары болуға ынталандыру болып табылады. Дәл осы жоба аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қазақстан Республикасының Үкіметімен, облыс әкімдіктерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке білім беру ұйымдарымен, бизнес-қоғамдастықпен, сондай-ақ барлық мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта бірнеше білім беру жобаларын іске асырады. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы, «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Бірге оқу» онлайн-мектебі және «Qabilet» қызметі.

«Qabilet» қызметі 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін анықтау жүйесі бойынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова БАҚ өкілдеріне баяндап берді. 2020 жылы Ақмола өңірінен «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысуға 1032 өтінім келіп түссе, 259 қатысушы тіркелген. Соның ішінде «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссия отырысының нәтижелері бойынша 21 қатысушы қола медальмен марапатталды. Ал, ағымдағы жылы 1674 өтінім беріліп, 574 қатысушы тіркелді. Соның ішінде 101 қатысушы қола медальмен және 1 күміс медальмен марапатталды.

Мамандардың айтуы бойынша, аталған бастама аясында осы жылдың қазан айынан бастап бүкіл ел бойынша «Qabilet» қызметі іске қосылады. Жобаның мақсаты оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру болып табылады.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий