QR код – аялдамаларда

 

 

Биылдан бастап Көкшетауда QR кодтар арқылы ақпаратты жедел түрде алуға мүмкіндік беретін қанатқақты жоба іске асырылуда.

Ақпараттық стендтерде кітапханалардың байланыс телефондары, кітап қоры, қалалық «Достар» мәдениет үйіндегі клубтық құрылымдар, шығармашылық үйірмелер, мемлекеттік, ағылшын тілдеріне тегін курстар туралы ақпараттар орналастырылған. Телефонның көмегімен тұрғындар кодты сканерлеп, дәл сол мезетте қаладағы барлық электронды таблода көрсетілген ақпаратты біле алады. Нақтырақ айтқанда, QR код қалада орнатылған барлық электронды таблодағы ақпаратты көшіреді. Бұл қоғамдық көлікті күтушілер үшін өте ыңғайлы құрал болмақ. Тұрғындар тарапынан аталмыш жоба қолдауын тауып, сұранысқа ие болып жатса, қоғамдық орындарға да QR кодтар орнатылады.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий