«SMART AQMOLA» кеңсесінің мүмкіндіктері

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңiрде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырумен айналысатын, оның нәтижелi iске асырылуы, экономика дамуының қарқынын тездетудi және халықтың өмiр сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ететiн орталықтың жұмысымен танысты. «Smart Aqmola» КММ басшысы Ғалымжан Бежентаев iске асырылған жобаларды алға тартты. Кеңсе жұмыс iстеген сәтiнен бастап, келесi қызметтер iске қосылды: «Балаларды мектепке қабылдауды автоматтандыру», «Балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарына кезектi қалыптастыру мен қызмет ету және жолдамалар беру процесiн автоматтандыру». ТҮКШ саласында «Е-ПИК» мобильдi қосымшасын және облыс орталығында «Қауiпсiз қала» жобасының жекелеген элементтерi iске қосылды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының қоғамдық көлiгiнде жол жүрудi бақылау мен жолақы төлеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу жоспарлануда. Жүйеде жол жүрудi қолма-қол ақшамен төлеу, сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлеу нысаны қолданылатын болады. Тәулiк бойғы Бiрыңғай диспетчерлiк қызметтi енгiзу жоспарда бар, ол мемлекеттiк органдар мен коммуналдық кәсiпорындардың барлық call-орталықтарын бiрiктiретiн болады және өңiр тұрғындарымен байланысқа түсудiң, Көкшетау қаласының аумағында smart-квартал құрудың бiрыңғай нүктесiне айналады, онда ТҮКШ желiсi бойынша барлық цифрлық жаңалықтар алдағы уақытта барша қала бойынша таратылатын болады. Мұндай квартал өзiне smart-жарықтандыруды, «ақылды» домофондарды және шлагбаумдарды, негiзгi қорлардың жағдайын есепке алуды автоматтандыруды, ауаны салқындату арқылы жаңа үлгiдегi аялдамаларды, Wi-Fi, арнайы қызметтердi шақыру түймешегiн және бейне бақылауды қамтиды. Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев жауапты тұлғаларға өңiрде цифрландыру қарқынын тездетудi тапсыра отырып, кездесуге қатысушылардың назарын «Цифрлық Қазақстан» шеңберiнде енгiзiлетiн барлық ақпараттық жүйелердi толық ықпалдастыру қажеттiлiгiне
аударды. «Smart Aqmola» КММ басшылығына openspace форматында кеңсенiң ашық жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий