«World cleanup day» экологиялық акциясына қатысты

Облыс орталығында өткен акцияға Жастар ресурстық орталығының белсенділері, волонтерлер, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшылары және қала тұрғындары қатысты. Көкшетау қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ксения Андросованың айтуынша, Бұқпа төбесінің аумағы мен бақылау алаңын тазалауға 150-ден астам адам қатысты. «Волонтерлер қоқысты жинап қана қойған жоқ, пластик, шыны және картон қағаздарын бөліп іріктеді. Акцияға қатысушылардың біразы Қостанай бағытындағы тасжолдың бойындағы қоқыстарды жинады», – деп атап өтті Ксения Андросова. Экология департаменті бастамашылық танытқан акция Көкшетау қаласында, сондай-ақ, Целиноград, Бурабай, Зеренді және Атбасар аудандарында өткізілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий